$ 494.87  520.65  4.91

Теңіз кен орнында жарылыс: екі адам қаза тапты

Теңіз кен орнындағы жарылыс екі жұмысшының өмірін жалмады.

Теңіз кен орнында құбыр жарылып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

6 шілдеде 10:30 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында құбырға сынақ жасалып, атмосфералық газ жіберілген. Қысымды көтере алмаған құбыр жарылып,  1985 жылғы екі жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды.Тағы үш адам дене жарақаттарын алған.

Ақпаратты «ТеңізШеврОйл» компаниясы растады. 

Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, ҚК 156-бабы 3-тармағы (Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын бұзудың адам өліміне әкеп соғуы) бойынша тергеу амалдары басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары