06.07.2022, 23:26

Жамбыл облысында 9 сынып оқушысы тұрмысқа шықты

15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен.

Бұл жаға ұстатарлық жағдайдың мән-жайын арнайы комиссия тексеретін болады. 15 жасар қыздың беташары Сарысу ауданында өткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Саудакент ауылында 9-шы сыныпты тәмамдаған оқушылар отау құрған. Бұл жаға ұстатарлық жағдайдың мән-жайын арнайы комиссия тексеретін болады.

Комиссияның шешімінен соң толық мәлімет айтылады. Ал олардың ата-аналарына қатысты материалдар кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі, - дейді білім басқармасындағылар.

Оқушыларды мұндай қадамға баруға итермелеген махаббат па әлде басқа жағдай ма, әзірге белгісіз. 

Тегтер: ұзату