$ 444.22  476.38  4.82

Арапа күнінің ораза кестесі – 2022

Ертең, 8 шілде – Арапа күні.

Алла қаласа, ертең, 8 шілде – Арапа күні. Бұл күні орындалатын ең ізгі амал – ораза тұту. Әрбір мұсылман баласы шама келгенше осы күнді оразамен өткізгені абзал деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Имам Мүслім жеткізген хадисте: «Арапа күнгі ораза арқылы Алла Тағаланың өткен және келер жылғы күнәларды кешіруін үміт етемін» деп айтқан.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ірі қалалар мен облыс орталықтарының Арапа күнгі ораза және намаз кестесін ұсынып отыр. Алла Тағала ниеттеріңізді қабыл етсін!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары