$ 498.34  519.72  4.85

«Көзілдірігіңді шеш». Головкин Канелоға үн қатты

Геннадий Головкин Альварестің жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жегіндегі жеңілісі туралы айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жегіндегі жеңілісі туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Канело төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңіліп, мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады, ал GGG мексикалықты өз сәтсіздігін мойындауға шақырды.

«Ол неге мұндай екенін түсінбеймін, бірақ ол адасып жүруі мүмкін. Әр жекпе-жек әртүрлі, бірақ соңғы жекпе-жегінде жеңді деген ой түсініксіз. «Биволдан жеңілген жоқпын» немесе «төрешілердің шешіміне наразымын» десе, бұған қалай пікір айтарымды білмеймін. Ол жекпе-жекте жеңдім дей ме? Қой, көзілдірігіңді шеш», - деп келтірді қазақстандық боксшының сөзін fightnews.info.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Головкин Канеломен үшінші рет кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары