Алматы әкімінің жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
«980 мың», - деп қысқа қайырды ол.
Досаев бұл лауазымына тағайындалған жалақы екенін және оған «барлық мемлекеттік қызметкерге сияқты сыйақы да түсетінін» жеткізді.