$ 451.77  485.97  5.07

«РОП Операторынан» 180 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Құны 57 млрд теңге болатын 600-ден астам теміржол кіреберістері мемлекет бақылауына өтті.

Биыл Қазақстанда 1300-ден астам сыбайлас жемқорлық ісі тіркеліп, 430 млрд теңге қазынаға қайтарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында осындай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміз бойынша 1300-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. 800-ден астам тұлғаның жемқорлығы әшкереленді. Олардың 140-ы түрлі деңгейдегі басшылар. Ауыр қылмыстарды анықтау 33 пайыздан астам өсті. Тергеу қорытындысы бойынша 592 іс сотқа жіберіліп, 357 жемқор сотталды. Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда тұр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 млрд теңге немесе шамамен 1 млрд АҚШ доллары сомасына активтер қайтарылды», - деді агенттік басшысы.

Сондай-ақ, ол аты шулы «ӨКМ Операторының» ісіне тоқталды. «Бұл іс бойынша 180 млрд теңгеден астам қаражат жымқыруға жол берілмеді.

Олар толықтай мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік мақсаттарға жұмсалып жатыр. Құны 57 млрд теңге болатын 600-ден астам теміржол кіреберістері мемлекет бақылауына өтті. Әңгіме сала өкілдерінің тілімен айтқанда, «соңғы шақырымдар» туралы болып отыр», - деді Олжас Бектенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары