$ 443.35  475.54  4.82

Атырауда жасөспірім тепловоз астына түсіп қаза тапты

Басылым мәліметінше, колледж студенті теміржолды кесіп өтіп бара жатқан, машинист жылдамдықты азайта бастаған, бірақ үлгермеген.

6 шілдеде Атырауда Ақжайық пен Теңдік станциялары арасында 17 жастағы жасөспірім тепловоздың астына түсіп қаза болды, - деп хабарлайды "Ақжайық" басылымы.

Басылым мәліметінше, колледж студенті теміржолды кесіп өтіп бара жатқан, машинист жылдамдықты азайта бастаған, бірақ үлгермеген. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімі ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының немесе оны пайдаланудың қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеуін бастады.

Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары