$ 444.32  473.33  4.76

Біздікілер заңды Ресейден көшіріп отыр – Абзал Құспан

Оның сөзінше, еліміздегі заң әзірлеушілер таза ұрлықпен айналысып отыр.

Белгілі адвокат Абзал Құспан біздің заң шығарушы органдар Ресейден көшірме жасап отырғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның сөзінше, еліміздегі заң әзірлеушілер таза ұрлықпен айналысып отыр. Танымал адвокат Абзал Құспан YouTube-тағы «Сұрауы бар» арнасына берген сұхбатында осылай деп, көшірме жасаушылардың масқара әрекетіне тоқтам жасау керектігін айтты.

— Біздің заңдарымыздан ұлттық мүдденің иісі де шықпайды. Заңға тәуелді актілердің барлығы орысша қабылданады. Оның өзін басқалардан алып көшірме қылып жасаймыз. Ресейде бір қаулы шыға ма, бір-екі айдан кейін дәл сол РФ дегеннің орнына ҚР деп өзгереді де, бізде дәл сондай қаулы шығып жатады. Осы бір масқаралықты қою керек қой, — дейді «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі Абзал Құспан.

Адвокат мұның бәріне орысша ойлап, түс көретін шенеуніктердің әлі де билікте отыруының кесірі деп санайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абзал Құспан