$ 459.75  494.14  5.54

Шри-Ланкадағы наразылық: президент отставкаға кетті

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапаксаның 13 шілдеде қызметінен кететіні мәлім болды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса Коломбода тәулік бойы өткен халық шеруінен кейін отставкаға кетті. Бұл туралы кеше парламент спикері Махинда Япа Абейвардена мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ел премьер-министрі Ранил Викрамасингхе де «азаматтардың қауіпсіздігі үшін» қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген. Сенбі күні наразылық білдірген мыңдаған адам президент резиденциясын басып алды. Тәртіп сақшылары аспанға оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды, бірақ халықты тарата алмады. Кем дегенде 45 адам жарақат алды.

«Бүгін біз жекпе-жекте жеңіске жеттік десем, қателеспеймін. Барлық келіспеушіліктерді қоя тұрып, президенттің үйін басып алдық. Біз Готабая Раджапакса мырзаның отставкаға кетемін деген мәлімдемесін күтеміз», - дейді наразылық білдірушілердің бірі, Коломбо тұрғыны Мохамад Имран.

Шри-Ланкада 9 шілдеде шарықтау шегіне жеткен наразылық шаралары бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Ел тұрғындары үкіметтің бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа қарсы қалай жұмыс атқарып жатқанынан наразы: шілдеде елдегі азық-түлік инфляциясы 57%-ға жетті – тұрғындар тамақ ішуге ақша таппай жүр, ал жанармай тапшылығына байланысты халық бензин кезегінде бірнеше күннен тұрады.

Жағдайдың күрделі болғаны сонша, мемлекеттік қызметкерлерге бес жылға демалыс алып, аралда қалған туыстарына ақшалай көмектесу үшін шетелге көшу ұсынылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары