$ 444.22  476.38  4.82

«Украинадағы соғыстан 17 журналист қаза тапты» – БҰҰ

БҰҰ дерегінше, зардап шеккен төрт журналист кәсіби қызметіне байланысты қудаланған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресей Украинаға басып кіргелі соғыс салдарынан 17 журналист қаза тапты. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰҰ дерегінше, зардап шеккен төрт журналист кәсіби қызметіне байланысты қудаланған. Бұған қоса 14 медиа өкілдері жараланған.

Сонымен қатар, кем дегенде жеті адам атыс кезінде қайтыс болған. Болжам бойынша, олардың бесеуі ресейлік әскердің шабуылынан қаза тапты. Тағы бес журналист ұрыс қимылдары кезінде өлген, бірақ кім шабуылдағаны белгісіз.

Сонымен бірге бір журналисті ресейлік әскерилер ұрлап әкетіп, қинаған. Кейін ол босатылғаннан соң қайтыс болғаны хабарланды.

БҰҰ қайтыс болған және жараланған журналистердің арасында кемінде бес әйел бар екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары