$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстандық спортшы қыз 2022 жылғы бүкіләлемдік ойындарда каратэден чемпион атанды

Финалда София Берульцева испандық Мария Торрес Гарсиямен айқасып, әріптесінен айласын асырды.

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Берульцева 2022 жылы Бирмингемде (АҚШ) өткен дүниежүзілік додада алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Экспресс К.

Olympic.kz мәлімдеуінше, отандасымыз 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын шақ келтірмеген. Финалда София Берульцева испандық Мария Торрес Гарсиямен айқасып, әріптесінен айласын асырды.

Айта кетейік, бұл дүниежүзілік турнирге әлемнің ең мықты каратэшілері ғана келген, яғни үздік деп танылған 96 спортшы жолдама алған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары