$ 498.51  522.84  4.81

Қылмысқа барғандардың басым бөлігі жұмыссыз жастар

Биылғы құқықбұзушылықтар статистикасы 2021 жылдың жылдық көрсеткішінен асып түсті.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау немесе бопсалау деректері 11 есеге өскен, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілетеме жасап.

Бұл құқық бұзушылықтардың жартысынан астамы Алматыда орын алған. 2022 жылы оңтүстік астанада 58 жағдай тіркелсе, өткен жылдың қаңтар-мамыр кезеңінде 1 жағдай анықталды. Екінші орында - Алматы облысы (31 құқық бұзушылық), ал антилидер үштігіне Жамбыл облысы (7 құқық бұзушылық) кіреді.

Еліміздегі 17 өңірдің алтауында жоғарыда аталған құқық бұзушылық фактісі тіркелмеген.

2022 жылдың басынан бері құқық бұзушылықтармен келтірілген залал сомасы 25 млн теңгені құрайды. Заңды тұлғаларға - 17,1 млн теңге, жеке тұлғаларға - 7,6 млн теңге, мемлекетке 300 мың теңге көлемінде зардап тиген.

Жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 50 адам ұсталды, оның ішінде 40 адам – 30 жасқа дейінгі жастар. Олардың көбі жұмыссыз жандар.

Айта кетейік, қайғылы қаңтар оқиғасымен байланысты жасырын қару мен оқ-дәрілер әлі де табылып жатыр. Мысалы, Жамбыл облысында 4 көзден жас ағызатын граната, Калашников автоматына арналған 60 патрон, Макаров тапаншасына арналған 8 патрон, травматикалық қаруға арналған 16 патрон анықталды. Бұл оқ-дәрілердің барлығы дерлік аталмыш облыстық полиция департаментінен ұрланған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жұмыссыздық