$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында инкассаторға шабуыл жасалды

Шабуылшы 14 миллион теңгені иемденген.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында 7 шілдеде төлемдерді төлеу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін терминалдарға қызмет көрсететін екі инкассаторға шабуыл жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бозайғыр ауылында сағат 12.00 шамасында терминалдан ақшаны алып болған соң медициналық бетперде киген белгісіз ер адам инкассаторлар отырған көлікке мініп, оларды мылтыққа ұқсас затпен қорқытып, көлікті қаланың шетіне айдауға мәжбүрлеген. Шабуылшы 14 миллион теңгені иемденген, - деп мәлімдейді Ақмола облысының ПД.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Бір тәулікте екі күдікті қамауға алынды. Белгілі болғандай, олар бұрын осы инкассаторлық компанияда жұмыс істеген.

Тергеу барысында күдіктілер ұрланған ақшаны қайда жасырғанын айтып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары