Әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы жағажайлардың бірінде түсірілген видео кең тарады. Видео авторы демалыс орнында дәретхананың жоқтығына шағымданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Видео авторының айтуынша, жағажай туристер арасында танымал. Алайда, онда табиғи қажеттіліктерді өтейтін орын жоқ көрінеді. Айтпақшы видеодан судың қақ ортасына қойылған көлікті де көруге болады.
Өз кезегінде Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мораторийге байланысты жеке жағажайларда санитарлық нормалардың сақталуын тексере алмайтындықтарын мәлімдеді. Департамент өкілдерінің айтуынша, видеода Шардара су қоймасындағы ЖК Баимбетов пен ЖК Кенжаеваның жеке жағажайлары түсірілген.
"Шардара су қоймасының жағалауында тұрғылықты жері бар үш демалыс орны орналасқан – Сыр-Нұры ЖШС, Голден бич ЖШС және ЖК БАТИРОВ және тұрғылықты орны жоқ төрт демалыс аймағы бар:
ЖК Баймбетов – аумағында биодәретхана және салынған дәретхана;
ЖК Кенжаева – 2 биодәретхана;
ЖК Достан – уақытша салынған дәретхана;
ЖК Жорабаев – уақытша салынған дәретхана бар. Су қоймасынан судың кемуіне байланысты дәретханалар шомылу орнынан алыстайды", – деп түсіндірді департамент өкілдері.
Дәретханалар мен басқа да қажетті инфрақұрылымның болмауы – қазақстандық туризмді дамытудағы елеулі проблемалардың бірі. Мәселені туроператорлар мен шенеуніктер бірнеше рет көтерді.
Айта кетейік, Қазақстанда туристер үшін тартымды аумақтарда орнатылған дәретханаларды күтіп ұстауға және оларға баратын жолдарға субсидия қарастырылған. Оның сомасы – айына 83 300 теңге.