Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық Департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша халықаралық іздеуде болған Болат Алтынбековтің ұсталғанын хабарлады. Антикордың мәліметінше, ол өзінің тегін өзгертіп алған.
«Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды.Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды», делінген хабарламада.
Ашық дереккөздерден алынған мәлімет бойынша, Қарағанды облысының тумасы Болат Алтынбеков "Золотой", "Сезам", "Фортуна", "Каминный", "Эдем – Палас", "Олимп-Палас" ТК құрылысшылары-"Астана Трейд Интернешнл" сынды астаналық компанияларды басқарған.