$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында су бағасының көтерілуіне байланысты 126 млн теңге ұрланған

Тергеу барысында келтірілген зиянның мөлшері мемлекетке толығымен қайтарылды.

Атырау облысында су бағасының көтерілуіне байланысты 126 млн теңге ұрланды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

«Атырау облысының «Жылыойсу» МКК директоры 2019 жылдан 2021 жылға дейін Құлсары қаласының тұрғындарына сумен жабдықтау және кәріз қызметінің шаруашылық қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды. Осылайша, ол аса ірі көлемде ұрлық жасап, 126 млн теңгеден астам шығын келтірген»,- делінген ведомство ақпаратында.

Тергеу барысында келтірілген зиянның мөлшері мемлекетке толығымен қайтарылды.

«Сонымен қатар, Құлсары және Жаңа Қаратон қалаларының тұрғындарын сумен жабдықтау қызметінің бекітілген тарифтері 54,4%-ға төмендетілді. Кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Оған өмір бойына басшының мемлекеттік мекемелерде қаржылық жауапкершілікке байланысты қызметімен айналысуға тыйым салынады», - деп толықтырды ҚМА.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау