Жаңалықтар 12.07.2022 сағат 15:20

Ресейде маймыл шешегі тіркелді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала мәліметіне сәйкес, маймыл шешегін жұқтыру деректері күн санап өсіп келеді.
Ресейде маймыл шешегі тіркелді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді. Ауру анықталған ер адам Еуропадан келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дерт жеңіл формада өтіп жатыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ресейге келген соң науқаспен байланысқа түскендер адамдар шеңбері шектелді. Пәтерде жалғыз тұрған. Байланысқа түскен адамдар медициналық бақылауда. Науқас медициналық мекемеде оқшауланды", – делінген хабарламада.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала мәліметіне сәйкес, маймыл шешегін жұқтыру деректері күн санап өсіп келеді.

Бүгінгі таңда әлемнің 70 елінде 9 111 адам вирус жұқтыру дерегі тіркелген, оның ішінде 9 071 дерек расталды. Дертті жұқтырғандардың ең көбі Ұлыбританияда тіркелген (1 552). Ал Германияда 1 490, Испанияда 1 034, Францияда 721, Португалияда 473, АҚШ-та 790 дерек тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар