12.07.2022, 18:20

Ақтауда итбалыққа тас атқандар видеоға түсіп қалды

Кадрларда итбалық демалушыларды шошытпағаны байқалады. Жануардың өзі де демалушылардан қорықпаған.

Ақтау тұрғыны теңіз жағасына шығып қалған итбалықты видеоға түсіріп алды. Видеода балалар итбалықты қоршап алғаны, оған тас лақтырғаны көрінеді, - деп хабарлайды "Лада". 

Кадрлардан адамдар итбалықты қоршап алғанын көруге болады. Видеоны түсірген әйел итбалықтың суға оралмайтынын айтады. Ол мұны айтып жатқан кезде, бала итбалыққа тас лақтырған. Ол алдымен кішкентай тас, кейінірек үлкен тас лақтырған.

Басылым мәліметінше, тұрғындар осы итбалықты бір күн бұрын видеоға түсіріп алған. Жануар күн сәулесінде шамамен 40 минут болып, содан кейін суға оралып, жүзіп кеткен. Кадрларда итбалық демалушыларды шошытпағаны байқалады. Жануардың өзі де демалушылардан қорықпаған.

Тегтер: итбалық Ақтау