$ 494.87  520.65  4.91

«Зейнеткерлік жасын төмендетсек, зейнетақы мөлшері де азаяды» - Әлихан Смайылов

Оның айтуынша, қазір арнаулы жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе министрлік аясында зерделеніп жатыр.

Қоғамда жиі талқыланып жүрген тақырыптың бірі әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету. Бұған қатысты Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тағы да пікір білдірді. Ол Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына сұхбат берген.

«Бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы зерделеп жатыр. Қоғам өкілдерімен бірнеше кездесу өткізілді. Егер адамдар (зейнеткерлікке — ред) ерте шығатын болса, онда зейнетақының да мөлшері де соған сәйкес төмен болады», — дейді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы қоғамда осындай пікір болғаннан кейін, әрине, жан-жақты талдап, зерттеу қажет екенін айтты. Оның мәлім етуінше, қазір арнаулы жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе министрлік аясында зерделеніп жатыр.

«Соның нәтижесінде салалық министрлік тиісті ақпарат береді деп ойлаймын», — деді премьер-министр.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнеткерлік жасы төмендемесе де, зейнетақы қосылады деп айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары