Жүйелі түрде пара алып келген күдіктінің ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты растады. Бұл жергілікті полиция қызметіндегі алғашқы құрықтау емес.
Шымкентте жергілікті полиция департаментінің 8-ші ротасының командирі ұсталды. Ведомствоның баспасөз қызметі қызметкерді ұстау туралы ақпаратты растады, бірақ егжей-тегжейлерімен бөлісуден бас тартты. Антикор жағдайға түсініктеме берді, анықталғандай күдікті пара алған.
«8-ші ротаның командирі әшкереленді, ол қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін инспекторлардан 5-тен 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде жүйелі негізде пара алды», – делінген Антикор хабарламасында.
Белгілі болғандай, 7 шілдеде Шымкент тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алған.
Орда.кз