$ 494.87  520.65  4.91

ДДСҰ үшінші жынысты ресми түрде мойындамақ

Daily Mail басылымында медициналық сарапшылар бұл қадамды «алаңдатарлық жағдай» деп бағалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гендерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ұйымның ресми мәлімдемесінде айтылған.

Құжат авторлары өз шешімін тек әлеуметтік-қоғамдық өмірде ғана емес, денсаулық сақтау саласында да қолдану арқылы түсіндірді. Өзгерістер 2011 жылы жарияланған және денсаулық сақтау қызметкерлері қолданатын гендерлік ұсыныстарға әсер етеді. ДДСҰ-ның жаңа ұсыныстарында не айтылатыны әлі белгісіз, бірақ агенттік өз сайтындағы өзгерістердің себептерін түсіндірді.

– ДДСҰ басшылығы гендерлік және жыныстық әртүрлілікті немесе гендерлік сәйкестілік континуумда болатын жынысы еркек немесе әйелмен шектелмейтін ұғымдарды мойындайды, – делінген хабарламада.

Daily Mail басылымында медициналық сарапшылар бұл қадамды «алаңдатарлық жағдай» деп бағалады. Ковентри университетінің акушерия маманы, профессор Дженни Гэмбл ДДСҰ-ның әрекетіне қатысты пікір білдірді.

– Негізгі биологиядан бас тарту – қателік. Биология денсаулық пен ауруды анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Биология негіздерін нақты түсінбеу бірқатар мәселелерге, сондай-ақ деректердің бұрмалануына жол ашады, – деді ол.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары