$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда Елтаңбаны әжетханаға кім орнатып қойғаны анықталды

Ол мемлекеттік мекеменің қызметкері екен.

Түркістанда облыстық жас туристер станциясының қызметкерлері отыратын ғимараттың әжетханасына Елтаңбаны орнатып қойған азаматқа қатысты іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, мемлекеттік рәмізді дәрет сындыру орнына қойған азаматтың кім екені анықталған. Ол мемлекеттік мекеменің қызметкері екен. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бабымен іс тіркеліпті.

«Учаскелік полиция инспекторлары жүргізген жұмыстың нәтижесінде кінәлі азаматтың жеке басы анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 458-бабы бойынша іс құжаттары жинақталды. Қазіргі таңда Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолдау жұмыстары атқарылуда. Қосымша хабар айтылады», — деді ведомстводағылар.

Еске салсақ, Экспресс К бұған дейін облыстық жас туристер станциясындағылар отыратын ғимараттың әжетхана бөлмесіндегі үстелде Елтаңба қойылғаны туралы жазған болатын.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар бұл бойынша анықтау жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде бұл оқиғаға жас туристер станциясының қатысы жоқ деп сендірген болатын. Өйткені әжетхана ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, ал басқармаға қарасты мемлекеттік мекемедегілер екінші қабатта отыратынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары