Жаңалықтар 14.07.2022 сағат 10:20

Бас мүфти қасапхана салу жөнінде тапсырма берді

Бұл туралы ол 2022 жылдың Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді.
Бас мүфти қасапхана салу жөнінде тапсырма берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы ол 2022 жылдың Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді. 

«Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстануымыз керек. Алдағы құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім. Өздеріңізге 2022 жылдың соңына дейін өңіріңізден жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешулеріңізді және ҚМДБ «Уақып қоры» мен «Халал даму» мекемесіне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын», деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар