$ 448.15  483.46  4.86

Украина Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынасты үзді

Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Украина өз тұтастығына қол сұққандарға қатал жауап қайтаратынын жеткізді.

Украина ДХР мен ЛХР-ды мойындағаны үшін Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынасты үзді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Пхеньянның бұл шешімін Украинаның аумақтық тұтастығына қол салу, Украина Конституциясы мен БҰҰ талаптарын бұзу деп қабылдаймыз», - делінген Украинаның сыртқы істер министрлігі жариялаған хабарламада.

Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Ресейдің Солтүстік Корея секілді жабық мемлекеттерден басқа одақтасы қалмағанын мәлімдеп, Украина өз тұтастығына қол сұққандарға қатал жауап қайтаратынын жеткізді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея – ДХР мен ЛХР-ды мойындаған үшінші ел. Мұндай қадамды әуелі Ресей, одан кейін Сирия жасаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары