$ 494.87  520.65  4.91

«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» компаниялары бірігетін болды

Президент автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт келгенін жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт келгенін жеткізді, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.

«Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», - мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қазавтожол