$ 494.87  520.65  4.91

Елорда оқушылары бірыңғай мектеп формасын киетін болды

Мектеп формасына түрлі діни конфессиялардың элементтерін енгізуге болмайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай қою көк түсті форма енгізіледі, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы елорданың Білім басқармасына сілтеме жасап.

"Білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық білім беру ұйымына оқушыларды бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшіру енгізілді.

Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды мектептік ата-аналар жиналысында форманың сәйкестігі жөніндегі талаптармен таныстырады", - делінген басқарма сайтында.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек.

Мектеп формасының түсі - қою көк. Мектеп формасының стилі - классика.

Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті киетін ақ жейде. Суық мезгілде киетін тоқылған кардиган қосылады. Ұлдарға арналған шалбар - кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратындай болу керек. Тіпті болмаса: көйлек, жилет және шалбар болса да болады.

Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар. Белдемше ұзындығы тізеден 5 сантиметр аспауы тиіс.

Мектеп формасына түрлі діни конфессиялардың элементтерін енгізуге болмайды.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының эмблемасы, жапсырма орналастырылады. Эмблеманың эскизін мектеп сайтынан жүктеуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары