$ 449.58  486.94  4.86

Көрерменнің қарсылығын тудырған «Базз Лайтер» мультфильмі елімізде көрсетілмейтін болды

Бұған дейін анимациялық фильмді көрсетуге Египет, Ирак, Сирия, Иордания, Сауд Арабиясы мен Малайзияда тыйым салынған еді.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Базз Лайтер» мультфильмінің Қазақстан аумағында көрсетілмейтінін мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, ел азаматтары мен БАҚ өкілдерінен аталмыш мультфильмге қатысты сұрақтар мен шағымдар келіп түскен.

«Баршаңызға осы хат арқылы жауап беруді жөн көрдім. «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Шешім қабылданды», – делінген министр жазбасында.

Бұған дейін анимациялық фильмді көрсетуге Египет, Ирак, Сирия, Иордания, Сауд Арабиясы мен Малайзияда тыйым салынған еді.

Айта кетейік, танымал кино актері, продюсер, режиссер Нұртас Адамбай «Базз Лайтер» мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары