$ 473.15  515.12  5.4

Петропавлда 8 жасар қыз зорланды

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оқиға 13 шілде күні күндіз Подгора ауданында болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Петропавлда қоныс колониясында жазасын өтеуші ер адам сегіз жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы .  

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оқиға 13 шілде күні күндіз Подгора ауданында болған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір ол Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Бұған дейін Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен күдікті қатаң тәртіптегі мекемеден қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырылғаны белгілі болды. Ольшанка ауылына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қылмыстық атқару кодексінің талаптарына сәйкес қара жұмысшы болып жұмысқа орналастырылған.

«Аталған факті бойынша Петропавл полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 4-бөлігі 120-бабы бойынша тергеуді бастады. Іс облыстық прокуратураның ерекше бақылауында болады», – деді ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары