Елордада жасөспірім 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Баланы 17 жастағы жасөспірім құтқарған. Көп балалы отбасынан шыққан жігіт өз өмірін қауіпке тіге отырып, бір терезеден екінші терезеге өтеді. Содан соң москит торын шешіп алған сәтін кадрдан көруге болады. Ол мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді.
"Болашақта менің де балаларым болса, оларға біреу көмектессе, жақсы деп ойлаймын", – деді ол.