$ 494.87  520.65  4.91

Оралда бірнеше бала тамақтан уланып қалды

Бірақ дәрігерлер мұны теріске шығарып, "өткір гастроэнтероколит" деген диагноз қойған.

Оралда бір үйдің төрт баласы ұшынып,  ауруханаға түсті. Олардың  ең кішісінің жасы- 1-де, үлкені 11-де. Ата-аналары балаларының қарбыздан ұшынғанын айтады, деп хабарлайды “Астана” арнасы. 

Бірақ дәрігерлер мұны теріске шығарып, "өткір гастроэнтероколит" деген диагноз қойған.  Бұған  бүлдіршіндерден алынған талдау нәтижесі себеп болды дейді.   

“Эпиданамнез жинағы бойынша ол 9-ы күні желінген қарбыз. Ал бүгінгі таңда 12-сі күні олар келіп қаралғанда соны енді біз клиника бойынша қарағанда оның қарбызға ешқандай қатынасы жоқ. Мына жерде "ішек инфекция" дейді, соған байланысты бүгінгі таңда біз зерттеу өткізіп жатырмыз. Бактериялық зерттеуден кейін қандай қоздырғыш болғаны анықталады”, – дейді БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Бүгін сондай-ақ, жазғы лагерде демалып жатқан үш оқушы қыз  да тамақтан ұшынып,  ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, 15 және 16 жастағы  жасөспірімдер қатарластарымен бірге құрбысының туған күнін тойлаған. Сол кезде түрлі тәттіден ауыз тиіпті. Дәрігерлер оларға да "өткір гастроэнтероколит" диагнозын қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#улану #Орал