$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда бір топ адам жол үстінде екі жігітті соққыға жыққан

Полицияда күдіктілердің анықталғанын мәлімдеді. Қазір "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Алматыда болған жол апатынан кейін бір топ адам екі ер адамды аяусыз соққыға жыққан. Оқиға Бөкейханов көшесінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан автокөліктің "Дэу Матиз" көлігінің жолын қиып кеткенін көруге болады. Жүргізушілер арасындағы жанжалдың арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Astana арнасы.

Зардап шеккен екі жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Жақындары куәгерлер болмағанда, жігіттерді өлтіріп кетуі де мүмкін еді дейді.

"Миы шайқалған, бас сүйегінің ішкі жарақатын алған. Ұлымның иығы сынды, тістері түскен. Жолда түрлі нәрсе болады, түсінемін. Жүргізушілер жолдарын қиып кетеді, соғылып қалады, бір-бірін балағаттайды. Бірақ осылай қатегіздікпен ұруды түсіне алмаймын. Олар өлтірмекші болды. Егер бұл оқиға түнде әрі куәгерлер болмаса, сол жерге көміп те кетер ме еді", – деді зардап шеккен жігіттердің бірінің анасы Елена Картавых.

Полицияда күдіктілердің анықталғанын мәлімдеді. Қазір "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Егер кінәлары дәлелденсе, екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

"Қазір дене жарақаттарының ауырлық деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар жігіттердің қатысуымен қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр", – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алайда жапа шеккендердің туыстары полицейлермен келіспейді. Олар бұдан да ауыр бапқа ауыстыру керегін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары