$ 494.87  520.65  4.91

«Ауылды да сеніп тапсыра алмайсың»: Белгілі сарапшы Тоғжановты ел тарихындағы ең нашар вице-премьер деп атады

Экономист Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, Үкіметтің бүкіл имиджіне кері әсер ететін кейіпкерлер де бар.

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы Олжас Құдайбергенов вице-премьер Ералы Тоғжановтың жұмысын ашық сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экономистің пікірінше, Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Үкімет жұмысына дипломатиялық тұрғыдан орташа деген баға бергенімен, шын мәнінде мемлекет басшысының министрлер кабинетінің жұмысына көңілі толмайды.

“Мен мемлекеттік басқару жүйесі бір ғана аспектіде ғана өзгерді деп айта аламын. Отбасы факторы жойылды. Әйтпесе, әсте ештеңе өзгере қойған жоқ. Сол баяғы бюрократия, шешім қабылдаудан қорқу, өз балаларын, туыстарын қажетті қызметке көтеру”, - деп жазды Құдайбергенов желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Үкіметтің бүкіл имиджіне кері әсер ететін кейіпкерлер де бар. 

“Мәселен, Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжанов жалпы ел тарихындағы өз қызметін орындай алмайтын ең нашар орынбасар болып табылады.  Оған ауылды да сеніп тапсыра алмайсың. Тағы да бір осындай шенеуніктер бар.  Олар өз креслосы үшін алаңдамайды, алайда өзгелерге әртүрлі лауазымды беруге атсалысып жүр. Олар барда Жаңа Қазақстан артық мүмкіндіктерге қол жеткізе алмайды”, – дейді экономист.

Еске сала кетейік, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Үкіметтің жұмысын орташа деп бағалады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы елдегі қымбатшылыққа кінәлі министрлерге сөгіс жариялады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары