$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда рейдерлікпен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды

Департамент мәліметінше, қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.

Алматыда кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік жолмен басып алумен айналысқан топ ұсталды. Бұл туралы қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Департамент мәліметінше, қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Қазіргі уақытта ведомствода Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.

“Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар.  Сонымен қатар аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған, кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан. Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта топтың белсенді мүшелері ұсталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары