$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда оралмандар бейімдеу орталығынан қуылып жатыр

Өзбекстаннан үш жыл бұрын келсе де, әлі күн азаматтық алып үлгермеген қандастар ол жерде жылға жуық мекен еткенімен, жұмысқа да орналаса алмай жүрген көрінеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оралман квотасын күтіп азаматтық алмай жүргендерді облыстың атқамінерлері бейімдеу орталығынан шығарып тастау туралы шешім қабылдаған. Кесіммен келіспегендер әкімдік алдына жиналған болатын.

— Бізге қазір пәтерден шығасың дейді. Пәтерге 20 мың, менің алатын айлығым 30 мың. Мұғалім боп жұмыс істеймін. Жалғыз жұмыс жасаймын күйеуім ауру. Айлығым қайда жетеді? — дейді оралманның бірі.

«Осылайша жан даусы шыққан азаматтар Қазақстанға бірнеше жыл бұрын ат шалдырғандардың алдыңғы қатарынан. Бірақ олар Өзбекстаннан жүктерін түйіп жетеміз дегенше Маңғыстау облысындағы оралмандарға арналған арнайы бағдарлама мен квота беру тоқтатылған. Дегенмен жергілікті шенеуніктер қандастарды қаңғыртпай, бейімдеу орталығына қоныстандырған екен. Белгілі мерзімде азаматтық алып өз күштерімен жұмысқа тұрған соң бейімдеу орталығын босату керектігі туралы ескертіліпті. Алайда талаптарды орындамай ақыры далаға қуылатын жағдайға жеткен оралмандар ақырғы сөздерін айтып жетті. Ақтаудың атқамінерлері Өзбекстаннан келген отбасыларға тағы азғантай уақыт берді. Сол мерзімде шаруаларын тиянақтамаса ешнәрсеге қарамай қуылмақ», делінген телеарна сюжетінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары