15.07.2022, 17:00

Астанада жүргізуші 7 жасар баланы қағып өлтірді

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға 14 шілде күні кешкі уақытта болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Нұр-Сұлтан полициясына сілтеме жасап.

Баланы Қосшығұлұлы көшесімен жүйіткіп келе жатқан 27 жастағы Hyundai Tucson маркалы автокөліктің жүргізушісі қағып кеткен.

7 жастағы бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы).