$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустың Omicron BA.5 штамы неге сонша қауіпті

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының соңғы мәліметінше, өткен аптада Америкада коронавирус жұқтырған 3 адамның екеуінен осы штамм табылған.

Omicron BA.5 ақуызында үш негізгі мутация бар, бұл оны жасуша жұқтыруда және адамның иммундық қорғанысын жеңуде тиімді етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BA.5 екі айдың ішінде бұған дейінгі штамдарды басып озып, Құрама Штаттардағы эпидемияның негізгі себебіне айналды.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының соңғы мәліметінше, өткен аптада Америкада коронавирус жұқтырған 3 адамның екеуінен осы штамм табылған.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры доктор Рошель Валенски BA.5 клиникалық ауырлығы туралы білмейтінін айтты.

Вирустың басқа нұсқаларымен салыстырғанда, осы штамм адам иммунитетіне төзімді және тез жұғады. АҚШ-та ковид жұқтыру жағдайларының ресми саны күніне шамамен 110 мың адамды құрап отыр.

Вашингтон университетінің ғалым профессоры Али Мокдадтың айтуынша, тіркелген әрбір жағдайға 7 тіркелмеген жағдай тең келеді. Америка Құрама Штаттарында күнделікті ауруханаға жатқызу саны да артып келеді. Интенсивті терапияны қажет ететін пациенттердің үлесі соңғы екі аптада шамамен 23%-ға өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус