Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Skifnews тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда нысандарды танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген нысандардың 3D модельдерін құру» жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Ұлттық музей аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін мердігер ұйымдарға 1,3 млрд теңге төлеген.
Сонымен қатар, сараптамалық зерттеу бұл жұмыстардың нақты құны, шын мәнінде, 83,4 млн теңге екенін анықтаған. Ал Ұлттық музей басшылығы жұмыс құнын 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген.
Қазір тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес жария етуге жатпайтыны хабарланды.
Атап өту керек, Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне 2019 жылы тағайындалды.