$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген бірнеше адамды ағыс алып кетті

2 адам үрленетін қайықпен жағажайдан алысқа сумен ағып кеткен.

Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті, деп хабарлайды lada.kz.

15 шілде күні кешкісін теңіздің Приморский тұрғын үй алабына қарсы тұсында сапбордпен жүзіп жүрген үш адам – 31 жастағы екі адам, 29 жастағы бір адам суға ағып кеткен. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті құтқару операциясын жүргізіп, барлық адам құтқарылған.

Сол күні кешке сапбордпен жүзіп жүрген тағы 3 адам құтқарылып, аман қалды. Дәрігерлер оларға алғашқы көмек көрсетті. Үшінші құтқару операциясы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында өткен. 2 адам үрленетін қайықпен жағажайдан алысқа сумен ағып кеткен.

Құтқарылған ер адамдарға Жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлері алғашқы жәрдем көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#суға кету