Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті. Ақпаратты жергілікті тұрғындар растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті чаттарда Ақсай қаласының тұрғыны болған кәсіпкерді өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарауда. Хабарламада үйде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны айтылған.
Кәсіпкердің қаза болғаны туралы ақпаратты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары растады.1958 жылы туған ер адам – дүкен иесі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме бермейтінін, прокуратураның мақұлдауын күтетінін хабарлады. Бақылау органы дүйсенбі күні ғана түсініктеме береміз деп жауап берді.