17.07.2022, 18:31

Заңгер Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды

Ол құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топты жою бағытындағы қызметіне кедергі келтіргені үшін қамалған еді.

Алматы қалалық соттың мәліметінше, Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды.

"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б. Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды", - деп хабарлады ведомство.

Адвокат Бурхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топты жою бағытындағы қызметіне кедергі келтіргені үшін қамауға алынды.

sputnik.kz