Жаңалықтар 18.07.2022 сағат 10:00

Шығыс Қазақстанда 24 жолаушысы бар катер суға батып кетті

Оқиға 17 шілдеде кешкі сағат жеті кезінде Ұлан ауданындағы "Аюды" демалыс базасында болған.
Шығыс Қазақстанда 24 жолаушысы бар катер суға батып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дауыл кезінде Бұқтырма су қоймасында катер суға батып, 24 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 17 шілдеде кешкі сағат жеті кезінде Ұлан ауданындағы "Аюды" демалыс базасында болған.
Демалыс базасынан 3 шақырым жерде қатты жел салдарынан жолаушылар катері бата бастады. Оның бортында 24 адам болған.

Адамдарды құтқару үшін экипаж мүшелері құтқару плотын іске қосты.

Жолаушылар, оның ішінде тоғыз бала жағаға жеткізілді. Олардың жағдайы қанағаттаналарлық. Медициналық көмекті қажет етпейді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар