$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласындағы лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін сотталды

Сотталғандар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласындағы лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

2022 жылғы 14 шілдеде Шымкент қаласында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Курбанходжаевқа қатысты айыптау үкімі шықты. Оған 27 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тұрманов, «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшысы Адахамов, «Низам Ата» ЖШС өкілі Ахмадалиев пен Нышанбаевқа 2 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі түрлі айыппұлдар салынды.

Құрбанходжаев Адахамов пен Нышанбаевтың делдалдығы арқылы «Низам Ата» және «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшылығынан медициналық қызметке лицензия бергені үшін 800 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот Тұрмановты Нышанбаевтың делдалдығы арқылы клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге алып отырғаны үшін кінәлі деп тапты.

«Сотталғандар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,-делінген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары