$ 494.87  520.65  4.91

Астанада банк қызметкері зейнеткердің депозитінен 6 млн теңге ұрлаған

2018 жылы депозитке ақша салған зейнеткер араға уақыт салып, банкке келген кезде шотына жинаған қаржысының жоқ екенін білген.

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған қаскөйді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға елорда тұрғыны депозитінен ақша жоғалып кеткенін айтып арызданған. Қарт адам 2018 жылы депозитке ақша салып, оны ұзақ уақыт пайдаланбаған және арадан уақыт өте ол ақшасын алу үшін банкке келген. Алайда банкке келген кезде шотына жинаған қаржысының жоқ екенін білген. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің “Есіл” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшаның жоғалуына банк қызметкерінің қатысы бар екенін анықтады. Анықталғандай, банкир есепшотқа қол жеткізе отырып, жәбірленушінің алты миллион теңгесін досының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Полицейлер бір тәуліктің ішінде қаскүнемді анықтап, ұстады. 23 жастағы күдіктіге қатысты “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған жігіт кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары