$ 498.34  519.72  4.85

Жұртты күлкіге қарық қылған жолдағы қисық сызыққа қатысты «ҚазАвтоЖол» жауап берді

Видеоға құрылыс жұмыстары аяқталмаған автомобиль жолы түсірілген.

Атырау облысында жолды жолаққа бөлетін сызығы қисық сызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарап, қоғамдық пікір туғызды. Видеода жолды жолаққа бөлетін сызықтың қисық сызылғаны көрсетілген. Видео авторы «Мынаны мас адам сызған ба?» деп сауал тастайды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, видеода аудандық маңызы бар жол көрсетілген.

«Бұл республикалық маңыздағы жол емес. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық жолдарды салып, қайта жаңартып жатыр», -деді Ләззат Стамғазиева.

Аталған видео Атырау облысының Құрманғазы ауданында түсірілген. Осыған байланысты Құрманғазы ауданының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан орталығы – Құрманғазы ауылындағы «Шипажай» шағын ауданынан тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі беріледі. Осыған орай газ, су, электр желісі, жол секілді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салынып жатыр.

«Видеоға құрылыс жұмыстары аяқталмаған автомобиль жолы түсірілген. Құрылысты жүзеге асыратын мердігер мекеме – «Қарағанды жолдары» ЖШС. Аталған жұмыстарды тапсырыс беруші әлі қабылдаған жоқ», - деп хабарлады Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық жұмыс аяқталғаннан кейін жол таңбасын мердігер есебінен түзету көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау