$ 449.58  486.94  4.86

Семейдегі университет түлектері дипломда кеткен қатенің салдарынан жұмысқа тұра алмай жүр

Белгілі болғандай, үш тілде берілетін дипломның ағылшын тіліндегі нұсқасында екі сөзде қате кетіп қалған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің түлектері дипломда кеткен қатенің салдарынан жұмысқа тұра алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Шәкәрім университеті түлектерінің тап болған қиындығы туралы жазылып жатыр. Белгілі болғандай, үш тілде берілетін дипломның ағылшын тіліндегі нұсқасында екі сөзде қате кетіп қалған.

Ал қатені түзетіп дипломды қайта жасату үшін біраз уақыт керек. Соның салдарынан оқу бітіре салысымен жұмысқа тұрмақ болған кей түлектердің ойы іске аспай қалды.

Аталған мәселенің анық-қанығын білу үшін Шәкәрім университетіне хабарласып көрдік. Білім ордасының баспасөз хатшысы Шырын Қауанова білім туралы диплом алушының құжатында орфографиялық қателер кеткен жағдайда жоғары оқу орны жауапкершілікті өз құзіретіне алатындығын және құжат алушының өтініші бойынша диплом қайтадан шығарылып берілетіндігін түсіндірді.

«ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 30 қазанындағы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының №48 пунктіне сәйкес, «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері немесе маман біліктілігі тағайындалады және қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі» деп көрсетілген. Дипломда орфографиялық қате кеткенде құжат алушының өтініші бойынша диплом қайтадан шығарылып беріледі. Бітіруші түлектердің өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарында нөмірі мен QR кодтары көрсетілген. Сәйкесінше, құжат иесі немесе жұмыс беруші генерацияланған нөмірлер мен QR кодтары арқылы ҰББДҚ базасынан бітіруін растайтын құжат туралы ақпаратты көре алады. Мұндай жағдай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында орын алған жағдайда құжат алушы оқу орнының тиісті бөліміне өтініш білдіруі керек», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары