Полиция қызметкерлері 2020-2021 жылдар аралығында ЖШС есепшісі қызмет бабын пайдаланып, жалпы сомасы 13 млн 485 мың 062 теңгені заңсыз иемденгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іздестіру шаралары барысында 50 жастағы күдікті ұсталды. Ол кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі – «Басқаның сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл баптың санкцияларында мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.