Алматыда мас ер адам әйелімен жанжалдасып, артынан пышақ алып, соққыға жыққан. Содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді.
"Күдікті 1991 жылы туылған Х. есімді азамат, қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция бөлімі істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізіп, жан-жақты және толық тергеу амалдарын жүргізуде.