$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде болған жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе облыстық ПД барлық жол қозғалысының қатысушыларын жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертеді

Самара-Шымкент тасжолында екі көлік соқтығысып, бірінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға Самара-Шымкент тасжолының 788-шақырымында болды. «Toyota Alphard» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып, басып озу кезінде қателік жіберді. Сөйтіп қарсы бетте келе жатқан «Mitsubishi Lancer» автокөлігімен соқтығысқан.

«Салдарынан «Mitsubishi Lancer» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ақтөбе облыстық ПД барлық жол қозғалысының қатысушыларын жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары