$ 494.87  520.65  4.91

«Өз-өзіне қол жұмсаған»: Абай облысында әскери қызметкер өлі табылды

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге деректері жария етілмейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Абай облысында оқтан көз жұмған әскери қызметкердің мәйіті табылды.

Алдын ала дерек бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.

«Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалған» деп хабарлады ведомство өкілдері. Әскери қызметкердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге деректері жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары