Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 2022 жылдың 20 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.